Жерүсті инфрақұрылымы әлсіз немесе толығымен жоқ жерлерде деректер берген кезде кідірістерге сыни болып табылатын қосымшалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін және нақты уақыт тәртіптемесінде тарфикті жіберу үшін компанияның кеңселері мен нысандары арасындағы байланысты ұйымдастыруға – SCPC технологиясы бойынша жерсеріктік байланыс арналарын ұйымдастырудың арқасында қол жеткізуге болады.
SCPC (Single Channel Per Carrier) технологиясы – қашықтағы нысандар бір-бірімен немесе орталық кеңсемен “нүкте-нүкте” топологиясы бойынша біріктірілетін, корпоративтік желіні құру үшін цифрлық жерсеріктік арнаның пайдаланылуын тұспалдайды. Қызметті көрсету үшін жерсеріктік байланыстың жерүсті станцияларының (ЖБЖС) жабдығы пайдаланылады, ол тікелей компанияның кеңселері мен нысандарында орнатылады. Қосылу ЖБЖС-ға бекітілетін бөлінген жерсеріктік ресурстың ұсынылуымен іске асырылады. Осылайша, жерсеріктік байланыс арнасының өткізу қабілеті әрдайым қамтамасыз етіледі.
ЖБЖС жиынтықтамасы клиенттің міндеттеріне қарай, ASTEL компаниясының техникалық мамандарымен іріктеледі. Стандартты ЖБЖС жиынтықтамасы әдетте мыналарды қамтиды:
- диаметрі 1.8 м, 2.4 м немесе 3.7 м жерсетіктік антенна
- антеннаны бекітуге арналған тіреу (ғимараттың үстінде немесе жерде)
- радиожиілікті қабылдау-беру жабдығы
- жерсеріктік бағдарлауыш (модем)
- қосымша қажетті желілік және коммутациялық жабдықтар
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!