Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі - бұл Тапсырыс берушінің ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымында (АКИ) ақпараттық қауіпсіздіктің (АҚ) жағдайы туралы деректерді алуға мүмкіндік беретін кешенді шешім.
Бүгінгі таңда, кибершабуылдардың қаупі артып, деректерді қорғау мен құпиялылықты рұқсатсыз кіруден сақтау - өзекті болып отырған кезде, компаниялар мен бизнес үшін ақпараттық қауіпсіздік мәселесі маңызды.
ASTEL компаниясы SOC ASTEL базасында киберқауіпсіздік мәселелерін шешу бойынша қызметтер ұсынады.
SOC ASTEL - ақпаратты қорғау бойынша мамандар тобын, АҚ оқиғаларын және АКИ объектілерінен желілік белсенділік ағындарын орталықтандырылған түрде жинауға, ықтимал қауіпті және күдікті әрекеттерді сақтауға және бағалауға, 24/7/365 режимінде АҚ оқиғаларын талдауға және анықтауға мүмкіндік беретін процестер мен технологияларды қамтитын ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы. Бұл АҚ-тің ағымдағы жағдайы туралы нақты және тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Алынған ақпаратты - қауіпсіздік қызметкерлері шешім қабылдау, тәуекелдердің алдын - алу және бизнес-процестерге әсерді азайту үшін қолдана алады.
Қызмет құрамында:
- Дайындау және енгізу: Тапсырыс берушінің дереккөздерін мониторинг жүйелеріне баптауды және қосуды, қауіп-қатер сценарийлерін әзірлеуді, Тапсырыс беруші үшін корреляция қағидаларын бейімдеуді, АҚ оқиғаларына әрекет ету жоспарларын әзірлеуді және келісуді қамтиды.
- 24/7 мониторингі: ауытқулар мен бұзылуларды анықтау мақсатында белсенділікті бақылау
- Қауіпсіздік журналдарын басқару: жинау, сақтау, өзгерістерден қорғауды қамтамасыз ету
- Бұзушылықтарды талдау: оқиғаларды растау немесе теріске шығару мақсатында АҚ оқиғаларын іздестіру және нақтылау
- Ақпараттандыру: Тапсырыс берушіге оқиғаларды хабарлай отырып, локализациялау бойынша ұсыныстар беру
- Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен (АҚҰҮО) өзара жұмыс жасау: заңнамалық талаптарда айқындалған тәртіппен және мерзімдерде оқиғалар туралы АҚҰҮО-қа хабарлау
Деректердің сапасы: нақты іздестіру мен талдау үшін қажетті және жеткілікті көлемде және сапада дереккөздерден (БЖ, сервер, дерекқор, сервис, бағдарламалық қосымша жіне т.б.) АҚ оқиғаларын жинау және беру
Оқиғаларды сақтау: АҚ оқиғаларын сақтау және өңдеу Атқарушының жеке Дата орталығында да, кез келген ақпарат түріне қолданылатын және реттеушілік талаптарға сәйкес келетін Атқарушы жағынан да жүзеге асырылуы мүмкін.
Орналастыру икемділігі:SaaS, On-premise, Cloud
Оқиғаларды неғұрлым тиімді анықтау және тергеу үшін қауіп-қатер талдауын (Threat Intelligence) интеграциялау
Мінез-құлықты талдау: пайдаланушының белсенділік аналитикасы - қалыпты мінез-құлықтан айтарлықтай ауытқуларды көрсетеді
Желілік трафикті және пакеттік деректерді талдау. Желілік құрылғылар арасындағы байланыс әдістері мен схемалары туралы түсінік береді және қауіпті анықтаудың тиімді құралы болып табылады
Соңғы нүктелерді бақылау: файлдарды қарау, жасау, өзгерту және жоюды қоса, соңғы нүктедегі әрекетті бақылауға мүмкіндік береді
Масштабтылық: жаңа сайттар мен көздерді бірыңғай бақылау арысына жылдам қосуға мүмкіндік береді
Қолдау: интеграциядан аналитикаға дейінгі барлық пайдалану айналымдарында техникалық қолдау
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат алу үшін бізбен байланысыңыз!