Компанияның жұмыс үдерісіне мессенджерлердің, веб-чаттардың, бейнеконференцбайланыстың және электрондық поштаның кеңінен енгізілуіне қарамастан, қалалық телефон нөмірі кез-келген бизнес жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін коммуникацияның маңызды түрі болып қалуда.
ASTEL компаниясы ұсынған «Қалалық телефон желісінің абоненттік нөмірі» қызметі клиентке бір оператордан телефон байланысының толық пакетімен бірге қалалық телефон қызметтерінің бөлінуін қарастырады. Қосылу барлық қолжетімді әдістермен мүмкін болады: бөліншен желі бойынша, Интернет желісі арқылы, жерсеріктік желі арқылы, сондай-ақ арнайы бағдарламалық жасақтама арқылы.
Қызметке қосылған жағдайда қызмет көрсетудің келесі қосымша түрлері қолжетімді болады:
- Қоңырауды ұстау (Call Hold)
- Қысқартылған теру (Abbreviated Dialing) үшін нөмірлер тізімін енгізу
- Автоақпаратшы
- Желі бос болмаған жағдайда қоңырауларды қайта бағыттау (Call Forwarding Busy)
- Жауап болмаған жағдайда қоңырауларды қайта бағыттау (Call Forwarding no Reply)
- Қоңырауларды сөзсіз қайта бағыттау (Call Forwarding Unconditional)
- Шығыс қоңырауларды толығымен немесе ішінара шектеу (Outgoing Calling Plan)
- Кіріс қоңырауларды толығымен немесе ішінара шектеу (Incoming Calling Plan)
- Ұстап тұруға арналған музыка (Music on Hold)
- Конференцбайланыс (Conference)
- Сөйлесу кезінде қоңырауды аудару (Call Transfer)
- Қауырт желі (Hot Line)
- Құпиясөз бойынша қоңырау шалу
- Қоңырау шалушы абоненттің телефон нөмірін анықтау
- «Сегіздікті» кодтау
- Қоңырау шалу тобы (Hunting Group)
- Қоңырау шалу тобындағы қоңырауды қағып алу
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!