Телекоммуникация қызметтері

"Корпоративтік деректер беру желілері" бөлімі

Корпоративтік жерсеріктік желілер

Еліміздің әртүрлі шалғайдағы нүктелерінде орналасқан компанияның филиалдары мен нысандарын біртұтас корпоративтік желіге біріктіруге, сондай-ақ қысқа мерзімде қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін біртұтас ақпараттық кеңістікті қамтамасыз етуге жерсеріктік технологиялар мүмкіндік береді. 

 

Жерсеріктік технологиялар жерүсті инфрақұрылымынан тәуелсіздікті және әрбір қосылу нүктесінде Интернетке, компанияның корпоративтік дерек қорларына, сондай-ақ телефон байланысы қызметтеріне, бейнеконференцбайланыс және бейнебақылау қызметтеріне қол жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Жерсеріктік корпоративтік желілерді құруға негіз болатын – «жұлдыз» немесе «әрқайсысы бір-бірімен» қағидаты бойынша компанияның филиалдары мен нысандары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін VSAT-технологиялар. Қосылу үшін, компанияның әр нысанының аумағында жерсеріктік жабдықтар кешені орнатылады, оның құрамына мыналар кіреді: 

- диаметрі 0.75 м-ден 2.4 м-ге дейін жерсеріктік антенна

- жерсеріктік сигналды қабылдау мен беруге арналған қабылдау-беру жабдығы (BUC+LNB)

- ASTEL компаниясының орталық HUB-станциясымен өзара әрекеттестікті және клиенттің корпоративтік желісіне трафиктің берілуін қамтамасыз ететін жерсеріктік бағдарлауыш.

 

Корпоративтік жерсеріктік желілерді қосудың сөзсіз артықшылығы – олардың ұтқырлығы болып табылады. Қажет болған жағдайда, жерсеріктік жабдықтар кешенін оңай демонтаждап, басқа орналасу нүктеге көшіруге болады.  

ASTEL жерүсті байланыс арналары базасындағы корпоративтік желінің артықшылықтары:

икемді және жеке тарифтік жоспарлар

икемді және жеке тарифтік жоспарлар

Қазақстанның кез-келген нүктесінде қосу

Қазақстанның кез-келген нүктесінде қосу

жерсеріктік жабдықтың ықшам кешені

жерсеріктік жабдықтың ықшам кешені

отандық KazSat жерсерігін пайдалану, сондай-ақ жетекші әлемдік өндіруші Gilat Satellite Networks Ltd (Израиль) ұсынған жоғары зиятты жерсеріктік платформаны пайдалану

отандық KazSat жерсерігін пайдалану, сондай-ақ жетекші әлемдік өндіруші Gilat Satellite Networks Ltd (Израиль) ұсынған жоғары зиятты жерсеріктік платформаны пайдалану

жерсеріктік терминалдарды сату, сондай-ақ клиент үшін жеке желі салу мүмкіндігі

жерсеріктік терминалдарды сату, сондай-ақ клиент үшін жеке желі салу мүмкіндігі

қосылудың қысқа мерзімдері және клиенттің міндеттерін шешуге қатысты кешенді тәсілдеме

қосылудың қысқа мерзімдері және клиенттің міндеттерін шешуге қатысты кешенді тәсілдеме

Қосылуды кейінге қалдырмаңыз!

Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!