Компания туралы

«ASTEL» (АСТЕЛ) акционерлік қоғамы цифрлық шешімдер мен телекоммуникация қызметтерінің провайдері болып табылады және Қазақстанның аса ірі телеком-операторлары қатарына кіреді

Біз туралы

Біздің компаниямыздың қызметі жеке KazNet® мультисервистік желісі базасында байланыс қызметтерінің кең ауқымын ұсыну, сондай-ақ ірі интеграциялық жобаларды әзірлеу, жобалау, іске асыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу болып табылады.

 

Жұмыс жылдары барысында біз Қазақстанның шағын қалаларында жедел басқару орталықтарын салу мен ұшақтарды аэронавигациялық сүйемелдеу жүйелерін құрудан бастап, ТКШ пен ауыл шаруашылығын цифрландыруға дейін – көптеген телекоммуникациялық шешімдерді енгіздік. Біз эксклюзивті тасымалды жерсеріктік байланыс кешендерін әзірлейміз және өндіреміз. 

 

ASTEL компаниясы сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, бұлтты сервистер және Заттар интернеті секілді цифрлық қызметтердің провайдері болып табылады.

Компанияның миссиясы

Цифрлық жобалар мен байланыс шешімдерін енгізу арқылы өз клиенттеріміздің бизнес-мақсаттарға ойдағыдай қол жеткізуіне жәрдемдесу, әр клиентке жеке тәсілдеме қолдану және қызметтерді үздіксіз жетілдіріп отыру.

Astel image

ASTEL-мен ынтымақтасудан клиент қандай пайда табады?

  • Байланыстың ең күрделі міндеттерін жедел шешу. Біз үшін қол жетпейтін мақсаттар мен лажсыз жағдайлар болмайды. Біз клиенттердің жеке қажеттіліктеріне қарай шешімдер жасаймыз, кешенді жобаларды қолға аламыз және әрдайым үздік нәтиже көрсетеміз

  • Уақыт пен күшті үнемдеу. Клиенттер бізге өз жобаларын сеніп тапсырады және біз оларды жобалау сәтінен бастап іске қосуға дейін алып жүреміз, бұл ретте өз міндеттерінің шешімдерін өз бетінше іздеу және барлық техникалық нюанстарына үңілу қажеттілігінен құтқарамыз. Клиенттердің сенімі – күтілген нәтижелерге қол жеткізудің негізгі факторы. Біз әрбір клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнатуды көздейміз, сондықтан қызметтерді дер кезінде және сапалы көрсетумен қатар, қызмет көрсету барысында тапсырыс берушілермен арадағы сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз

  • Телекоммуникациялық қызметтер саласындағы жоғары сараптама. Қызмет ету жылдарында біз телекоммуникациялар және бизнесті цифрландыру саласында мыңдаған жобаларды ойдағыдай іске асырдық. Өзіміздің бүкіл тәжірибеміз бен индустриядағы терең білімімізді біз клиенттердің жаңа міндеттерін шешу үшін пайдалануға дайынбыз

  • Қазақстанның кез-келген нүктесінен кез-келген клиентті қосу. Біз өз инфрақұрылымымызды және стратегиялық ресурстарды пайдалана отырып Интернетке қол жеткізуді ұсынамыз және ең алыс локацияларда цифрлық шешімдерді іске қосамыз

  • ASTEL компаниясының серіктестері ұсынған ең заманауи бағдарламалық жасақтама мен сапалы телекоммуникациялық жабдықтарды ғана пайдалану

  • Алматы және Астана қалаларында тәулік бойы жұмыс істейтін техникалық қолдау қызметі, желінің жағдайын бақылау және ақауларды жедел түрде жою

  • Әрбір клиентімізге жеке менеджер бекітілген

  • Икемді жеке тарифтер және тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер

Саладағы көшбасшы

ASTEL компаниясы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады және еліміздің барлық облыс орталықтарында аймақтық департаменттері бар. Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

 

ASTEL Республикамыздың аумағында жерсеріктік байланыстың орнатылған және пайдаланылатын жерісті станцияларының саны бойынша бірінші орынды иемденеді – 5 000-нан астам жерсеріктік станция.  


Біз отандық және халықаралық ұйымдардың сертификаттарымен және лицензияларымен расталған ASTEL қызметтері сапасының жоғары стандарттарын мақтан тұтамыз. Жыл сайын компания бірнеше аудиттен ойдағыдай өтіп, менеджмент пен кәсіби стандарттар саласындағы өзінің біліктілігін растап отырады:

 

- ISO 9001:2015 (сапа менеджменті жүйесі)

- ISO 14001:2015 (экологиялық менеджмент жүйесі)

- ISO 45001:2018 (кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі)

- ISO/IEC 27001:2013 (ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі)

- ISO/IEC 20000-1:2018 (IT-сервистер менеджменті жүйесі)


2006 жылдан бастап ASTEL компаниясы Қазақстан қор биржасындағы «В» листингінде орналасқан.


Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы көруге болады: https://kase.kz/ru/issuers/ASTL

Бізге жазыңыз

Қаланы енгізіңіз*

Атыңызды енгізіңіз*

Телефонды енгізіңіз*

E-mail енгізіңіз*

Хабарлама