ASTEL компаниясы KIOGE-2012 халықаралық көрмесіне қатысты

15.10.2012

ASTEL компаниясы KIOGE-2012 халықаралық көрмесіне қатысты

2012 жылдың 2-5 қазанында Атакент көрме орталығында KIOGE-2012 мұнай мен газдың мерейтойлық халықаралық көрмесі өтті, KIOGE-Қазақстандағы және Каспий маңы елдерінің мұнай мен газ тақырыбындағы ең ірі көрме-конференциясы. ASTEL көрмеге телекоммуникация саласындағы соңғы жаңалықтар мен технологияларды өз стендінде көрсете отырып, белсенді қатысты.

Осындай жаңалықтардың бірі - ИРБИС жылжымалы спутниктік кешені болды. ПСК ИРБИС жылдам әрекет ету қызметтеріне, мұнайшыларға, бұрғылаушыларға, құрылысшыларға және т.б. арналған, бұл көрмеге келушілер арасында да, қатысушы компаниялар арасында да үлкен қызығушылық тудырды. ASTEL АҚ осындай ауқымдағы көрмелерге қатысуды жоспарлап отыр.