Жазылым
Телекоммуникациялық нарықты либерализациялау процессі оның қатысушыларына үнемі техникалық жаңалықтарды енгізуге, жаңа қызметтерді ұсынуға талап қояды. Арнайы дайындығы жоқ адамға мұндай қарқынмен енуші жаңа технологиялардың қыр-сырын жетік білу қиынға соғады.
Жазылым тарату мақсаты телекоммуникациялық ұғымдарды қарапайым жасау, ал ұсынылған техникалық шешімдердің пайдасын - айқынырақ етудегі біздің құлшынысымыз болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біз "ASTEL News" тематикалық материалдарын шешім қабылдаушы кәсіпорын басшыларының, сонымен бірге жабдықтарға қызмет көрсетуші және оның сенімді жұмыс жасауы үшін жауап беруші техникалық мамандардың қызығушылығын қанағаттандыратындай етіп таңдаймыз.
"ASTEL News" басылымы жазылған компаниялардың пошталық мекен-жайына тапсырыс хаты арқылы таратылады.
"ASTEL News" ақпараттық басылымға жазылу үшін, сондай-ақ аталмыш басылымды алудан бас тарту үшін (егер компания бұрын жазылған болса), арнайы нысанды толтырып, сәйкес өтінішті көрсету қажет.
