26.02.2009 10:43
«ASTEL» АҚ Интернет-трафикпен алмасу жөніндегі Ұлттық орталығына қосылды.
«ASTEL» АҚ Президенті Владимир Бреусов сыртқы Интернет-каналдар босап, Қазақстан ішінде деректердің берілу іркілісі азаятындықтан, мұндай өзара әрекеттесуге пирингтік орталықтың барлық қатысушылары қызығушылық білдіреді деген ойда.
Қазақстан Республикасындағы алғашқы Интернет-трафикпен алмасу жөніндегі Ұлттық Орталығы (Kazakhstan Traffic Exchange) Алматы қаласында 2007 жылдың қазан айынан бері жұмысын жүргізуде. Интернет-трафикпен алмасу жөніндегі Ұлттық Орталығы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің Интернет-қызметтерді одан ары дамыту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған болатын. Орталық қызметін басқару үшін ұйымдық-құқықтық формасы Қауымдастық болып табылатын заңды тұлға құрылды.
Орталық Интернет-қызметтің отандық провайдерлеріне қазақстандық трафикпен халықаралық Интернет-каналдарды пайдаланбай-ақ, барлығына бірыңғай қосылу ережелерімен және шарттармен, стандартты пирингтік келісімдерге сәйкес алмасуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Орталық аясында «Қазақтелеком» АҚ, «Нұрсат» АҚ, «Интелсофт» ЖШС және «ASTEL» АҚ желілері бір-бірімен өзара пирингтік әрекеттесуде. жүргізілуде. Интернет-трафикпен алмасу жылдамдығы 15 мегабит/сек дейін жетеді.
- «Интернет-трафикпен алмасу орталығы» Қауымдастығының құрамына жаңа мүшелердің кіруінің арқасында трафиктің өз бағасы және нәтижесінде – абоненттер тарифі арзандауда – деп, атап өтті Қауымдастық директоры Эрлен Ахметов.
- 2008 жылы Орталыққа қосылуға ниетті операторлар үшін кіру жарнасын алып тастау жөнінде шешім қабылданған болатын. Мұның үстіне Орталық жұмысының қалыпты жүруінің арқасында қатысушылар үшін ай сайынғы мүшелік жарнаның мөлшері де азайтылды. Сонымен қоса, 2009 жылдың бірінші жартысында Орталыққа тағы да екі байланыс операторының қосылуы күтілуде.
«ASTEL» қазақстандық компаниясы отандық телекоммуникация нарығында 1993 жылдан бері қарай жұмыс істеп келеді. 15 жыл ішінде «ASTEL» өзін алуан түрлі телекоммуникациялық қызмет түрлерін көрсететін жоғары кәсіби компания ретінде танытып, отандық нарықта алдыңғы қатарлы орынға ие болды. Компания жұмысының ең маңызды нәтижесі Қазақстандағы ең ірі “KazNet®” деректерді беру магистральдық желілерінің құрылуында. Аталмыш желі базасында қалыпты жұмысы аймақтық техникалық торап пен тәуліктік пайдаланушыларды қолдау қызметімен қамтамасыз етілетін компания көрсететін қызмет кешені жүзеге асырылды.
ASTEL Интернет-трафикпен алмасу жөніндегі Ұлттық орталығына қосылды

Жаңалықтар тізімі