Телефония / Заңды тұлғаларға арналған телефония
Халықаралық және қалааралық бағыттарға артық шығу. Компания «ASTEL» АҚ ғимараттарынан телефондандырылған абоненттер үшін телефония және Интернет желісіне қатынау қызметтерін ұсынады. Қызметтерді қолдану үшін Абонентке анықталған бір мекен-жай бойынша орналасқан тұрғын үй емес ғимараттағы немесе кеңседегі Абонентке орнатылатын Абонент терминалы Қызметіне қосылу орны бойынша абоненттік телефон нөмірі беріледі
Абонент өз бетінше терминал сатып алады және оны тұрғын үй емес ғимаратқа немесе кеңсеге орнатады және оның сақталуына және бұзылмаған күйінде ұстауға жауап береді. Абоненттік телефон нөмірі Абонент меншігі болып табылмайды.
Өз қызметін көрсету үшін, компания Абонент Қызметке қосылу және Шартқа қол қою төлемін төлегеннен кейін, Абонент терминалын өзінің телекоммуникациялық желісіне қосуды жүзеге асырады.
Байланыс қызметін көрсету үшін Келісім жасау үшін Компанияның абоненттік бөліміне төмендегі құжаттарды және олардың көшірмелерін әкелу керек. Құжат түпнұсқасы болмаған жағдайда, көшірмелері нотариуспен расталған болуы керек.
Құжаттар тізімі:
- Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлік.
- Абонент терминалы орнатылатын бөлменің жеке меншік, жалға алынған/суб жалға алынған құқын растайтын құжат.
- СТН беру туралы Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі (бизнес- идентификациялық нөмірі бар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркей) туралы куәлікті ұсынған жағдайда салық төлеуші куәлігін беру міндетті емес).
Заңды тұлғаларға арналған прайсты жүктеу [.zip 16Kb]
