Жерсеріктік коммуникациялар қызметтері / SkyEdge
SkyEdge – DAMA технологияларды дамытудың бірегей техникалық және технологиялық тәжірибесін қамтитын жетілдірілген бірегей жеріктік жүйесі. SkyEdge негізінде қызметтердің кең спектрін беру мүмкіндігі жүзеге асырылған.SkyEdge тән сипаттары:
- кез келген желілік технологиялар – жұлдыз, мультижұлдыз, толық байланыс;
- терминалдан Орталық басқарушы станцияға дейінгі арна жылдамдығы - 2 Мбит/с дейін;
- Орталық басқарушы станциядан арна жылдамдығы – 66 Мбит/с дейін;
- QoS толассыз деңгейі;
- дауысты және факсимильді хабарламаларды беру кезіндегі жоғары сапалы телефон байланысы;
- меншікті және стандартты ІР-телефонияны қолдау;
- жерсеріктік сегментке қатынаудың әртүрлі түрлері – жерсеріктік сегментті пайдаланудың тиімділігі және сапа кепілі бойынша ерекшеленеді;
- терминалдардың әртүрлі типтері.
SkyEdge тобына келесі терминалдар кіреді:
SkyEdge™ Pro—бір мезгілде деректерді интерактивті алмасуды, ІР негізінде кең жолақты байланысты және дәстүрлі хаттамаларды, сонымен қатар қоғамдық және корпоративтік телефонияны қолдайтын көп функциялы платформа
SkyEdge™ IP—IP бағдарлаушы, сіздің бизнесіңіздің жеке пункті, сондай-ақ барлық пунктер үшін интерактивті, кең жолақты ІР қосымшаларды, дәстүрлі хаттамаларды және көп мекен-жайлы тарату қосымшаларын қолдайды
SkyEdge™ Call—жоғары сапалы дауысты және факсимильді хабарламаларды беруге арналған телефон терминалы
SkyEdge™ Gateway—Шлюзды платформа, сандық телефонияны қолдайды және Е1 (R2, SS-7) бойынша телефон станцияларымен түйісуді жүзеге асыруға рұқсат береді. ІР арқылы деректерді беруді қолдайды, толыққанды бағдарлаушы болып табылады. Кез келген топологиядағы желіні ұйымдастыруға рұқсат береді.
SkyEdge™ DVB-RCS—кеңейтілген стандартқа жауап беретін шешім. Бұд VSAT терминал корпорациялар, қызметтерді жеткізушілер және желілік операторлар үшін интерактивті кең жолақты ІР қосымшаларды және көп мекен-жайлы таратуды қолдайды.
