Компания туралы

Компания туралы

1993 жылы құрылған ASTEL компаниясы осы күнгі телекоммуникация нарығында көшбасшылық орынды иеленеді. Компанияның айналысатын басты қызметі заманауи технологиялар базасында мәліметтер мен дауыстарды жіберудің корполративті желілерін құру болып табылады. Әлемнің жетекші өндірушілерінің жабдықтарын пайдалана отырып, ASTEL өз клиенттеріне жоғары сапалы қызметтердің кең ауқымын ұсынады, олардың қатарында: жерсерікті коммуникациялар мен сымсыз ену, телерадиотарату және телефония, Ғаламторға ену, сонымен қатар кез келген күрделіліктегі жобаларды даярлау және жүзеге асыру.

Компания жұмысының негізгі нәтижелері Қазақстандағы ең қуатты мәліметтерді жіберудің мгистральды желілерінің бірі KazNet-ті құру болып табылады. осы желі базасында компания қызметтерінің кешені ұйымдастырылған, ал аймақтық техникалық тораптары және тәулік бойылық қолдау қызметі олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2006 жылы наурыз айында KASE қазақстандық қор биржасында ASTEL компаниясы В тізіміне енгізілді. Толығырақ ақпаратты http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ASTL сілтемесі бойынша көруге болады.

Республикалық және халықаралық марапаттаулар мен сертификаттардың иегері біздің компаниямыз өз клиенттеріне байланыстың сапалы және заманауи шешімдерін ұсына отырып, үнемі даму үстінде.

Біздің миссия

ASTEL өз клиенттерінің бизнестік мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін оларды интелектуальды шешімдермен және жоғары сапалы техникалық сараптамалармен қамтамасыз ете отырып, септігін тигізеді.

ASTEL © 1993 - 2010